Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
KAZINFORM – Елордалық «Жеңіс» футбол клубының тізгінін тәжірибелі маман Али Алиев ұстады.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Али Алиев 1980 жылы дүниеге келген. Ол футболшылық мансабын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасынан бастап, одан кейін елімізде Алматының «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы», Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор», «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады. 2015-2018 жылдарда «Қызылжар» сапында ойын көрсетіп, одан кейін команда тізгінін қолға алды.
Биыл Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер болып, бес турдан кейін қызметінен кетті.
Андрей Демченко «Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметінен кетті.Ол астаналық команда тізгінін жазда ұстап, грекиялық Акис Вавалисті алмастырған еді.
Содан бері «Жеңіс» 17 кездесудің 8-де жеңіске жетіп, 6-да тең нәтижеге қанағат білдірсе, 1-де қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде елордалық клуб 36 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!