фото: автордан/baq.kz

Әуежайға Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов және нысана көздеуден Олимпиаданың қола жүлдегерлері Ислам Сатпаев пен Александр Ле келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Спортшыларды қарсы алу кезінде домбыра, баян мен гитарада қазақтың ұлттық әуендері шырқалды.

Еске салайық, Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін алған еді. 

Ал Нариман Құрбановтың жеңісі Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан бірінші жүлдесі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!