Sputnik. Испания құрамасының және ағылшынның «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Родри France Football журналы маусымның үздік футболшысына беретін «Алтын допты» жеңіп алды.

Марапаттау рәсімі дүйсенбі күні Париждегі Шатле театрында өтті. Марапатты Африкадан шыққан жалғыз «Алтын доп» иегері және Либерияның бұрынғы президенті Джордж Веа табыс етті.

Өткен маусымда Родри «Манчестер Сити» сапында Англия чемпионы атанса, Испания құрамасымен Германияда өткен Еуропа чемпионатын жеңді. Қыркүйек айында Родри аяғынан жарақат алды. Ол сахнаға балдақпен шықты, оған іс-шараны жүргізген Дидье Дрогба көмектесті.28 жастағы Родри 1960 жылдан кейін «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы испандық атанды.

Сондай-ақ Карло Анчелотти үздік жаттықтырушы, Ламин Ямаль үздік жас ойыншы және «Реал» үздік команда ретінде марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!