Бүгін Сырдария ауданында ауыл спортшыларының 37-ші облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Спорттың 16 түрін қамтыған байрақты бәсекеде барлық аудандардың құрама командасы қатысып, дүбірлі додада өзара бақ сынасты.
Бұқаралық спорт пен ауыл спортшыларын қолдауға арналған облыстық спартакиаданың маңызы әрдайым айрықша. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өңірдің спорт саласын серпінді дамытуға, спортшылар арасындағы бәсекені арттыруға ықпал етеді.
Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде облыстық спартакиадада үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталып, арнайы кубоктар табысталды. Төрт күнге созылған тартысты бәсекенің нәтижесіне келсек:
ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
I-ші орын – Шиелі ауданы
II-ші орын – Жаңақорған ауданы
III-ші орын – Сырдария ауданы
IV-ші орын – Арал ауданы
V-ші орын – Жалағаш ауданы
VI – ші орын – Қазалы ауданы
VII-ші орын – Қармақшы ауданы
Айта кетейік, «Алтын күз – 2025» ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасы Жалағаш ауданында өтетін болады.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!