KAZINFORM — Могулшы Анастасия Городко Францияда өткен турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі.

Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын және екі қола жүлде бар.

Әйелдер арасындағы сайыста Анастасия Городко екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!