Фото: Сали Сабиров/ҚР ҰОК
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының шорт-тректен 2000 метр аралас командалық эстафетадан ширек финал және жартылай финалдық жарыстары өтті, – деп хабарлады kazinform.kz
Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Глеб Ивченко алаңға шықты.
Ширек финалда, отандастарымыз 2 минут 45.431 секунд нәтижесімен келесі кезеңге жолдама алды. Ал жартылай финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 минут 46.491 секунд нәтиже көрсетіп финалға жолдама алды.
Осылайша, қазақстандықтар ақтық бәсекеде Қытай, Жапония және Кореямен сынға түседі.
Осыған дейін қазақстандық спортшылар 1500 метрге сырғанау бойынша сынға түсіп, 3 әйел және 3 ер спортшымыз жартылай финалға жолдама алған болатын.
Сонымен қатар, ерлер және әйелдер арасында 500 метрге сырғанаудан 6 спортшы (3 әйел және 3 ер) келесі кезеңге жолдама алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!