Фото: gov.kz

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түскен отандасымыз Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмарал Науатбек финалдық бәсекеде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдені иеленді. 

Ақмарал жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтап, жазба жариялады. 

“Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!” – деді президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!