Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында өмірге келген. Ол 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Денис — Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.

Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан. 2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді. Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды.

2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді.

Бірақ халықаралық деңгейде тек келесі жылдан бастап көріне бастады, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болды.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болған Денис он бірінші орынға тұрақтады.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында алтын алқа еншіледі.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис Тен өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Ал еркін бағдарламада үздік шығып, канадалық Патрик Чаннан 1,3 балға қалып, күміс жүлдеге ие болды. 

Осылайша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан көз жұмды.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!