Фото: Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының ХХV турында «Шахтерді» жеңіп, үшінші орынға көтерілді.

Ақтөбелік клубтың әлі қола жүлдеге қол жеткізуіне мүмкіндігі бар. Сондықтан олар үшін әрбір ойынның маңызы артып тұр. Олар бүгін сырт алаңда көш соңында келе жатқан Қарағандының «Шахтерін» 3:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде 40 ұпаймен үздік үштікке табан тіреді. Енді олар соңғы турда Түркістанның «Тұранын» қапы қалдырса, қола жүлдеге қол созады. 

Сондай-ақ өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» клубы өз алаңында «Атырауға» 0:2 есебімен жол берсе, түркістандық «Тұран» мен елордалық «Жетісу» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір Қостанайда «Тобыл» мен елордалық «Астана» ойнап жатыр. Астаналық команда үшін тек қана жеңіс қажет. Өйткені, елордалық ұжым биыл бас жүлдеге қол созуды алдына мақсат етіп отыр. 

Олардың басты қарсыласы – алматылық «Қайрат»командасы 2 қарашада өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, көш басына шықты. 

Тағы бір кездесуде Петропавлдың «Қызылжары» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 6:2 есебімен сүріндірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!