Фото: realmadrid.com

Танымал француз футболшысы Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Футболшы мен клуб президенті Флорентино Перес келісімшартқа қол қойды.

Мбаппемен келісім мерзімі 2029 жылдың жазына дейін жасалды. Командада ойыншы 9-нөмірмен ойнайды. 

Баршаға қайырлы күн! (испан тілінде). Мен Сіздермен испан тілінде сөйлесуге тырысамын. «Реал Мадридте» ойнауды армандап талай таңды атырдым. Бүгін менің арманым орындалды, мен бақытты баламын! Мен, «Реал» ойыншысымын! Ғажап!, – деді футболшы. 

Футболшының таныстырылымына 80 мыңнан асық жанкүйер жиналды.

Франциялық шабуылшы корольдік клуб сапында жылына 54 млн еуро табыс табады. Футболшының трансферлік құны 180 миллион еуроға бағаланып отыр. 

Танымал футболшы үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2015 жылы Францияның «Монако» клубында бастады. 2017 жылдан бері «Пари Сен-Жермен» сапында 256 гол соқты. Соңғы маусымда ол франциялық командада 48 ойында 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!