Фото: instagram.com / fca.astana

УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында «Астана» футбол клубы сырт алаңда кипрлік «АПОЭЛ» командасына қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 20 желтоқсанда елордалық «Астана» футбол клубы Кипр астанасы Никосияда жергілікті «АПОЭЛ» командасына қарсы ойын өткізді. УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің соңғы 6-туры аясында өткен бұл ойында «Астана» командасы қарсыласымен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойынның 57-минутында «АПОЭЛ футболшысы Анастасиос Донис есепті ашқан болатын. Ал матчтың 64-минутында «Астана» ойыншысы Кипрас Казуколовас есепті теңестірді.

Осылайша «Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 5 ұпай жинақтап, турнир кестесінің 28-орнына жайғасты. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

Ал «АПОЭЛ» 11 ұпай еншілеп, турнир кестесінің 11-сатысына табан тіреді.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана» сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» командасын 1:0 есебімен жеңіп, португалиялық «Виториямен» 1:1 есебімен тең түсті. Алайда Уэльстің «Нью-Сейнтс» командасынан 0:2 және кипрлік «Пафостан» 0:1, лондондық «Челсиден» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!