SMARTNEWS.KZ басылымы хабарлайды, 11–13 шілде күндері Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.
Халықаралық дәрежедегі жарысты дәстүрлі түрде «Қазақстан каратэ федерациясы» ұйымдастырып отыр. Биыл ол сегізінші рет өткелі тұр.
Турнирге Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және бейтарап тумен өнер көрсететін Ресей спортшылары қатысады. Жалпы саны 700–800 спортшы екі бағдарлама бойынша — кумитэ мен катада бақ сынайды.
Жарыс келесі жас ерекшеліктерін қамтиды:
• 12–13 жас аралығындағы жасөспірімдер
• 14–17 жастағы юниорлар
• 18–20 жастағы жастар
• 18 жастан асқан ересектер
Қазақстан намысын додада Астана қаласының 18 спортшысы қорғайды.
Турнирдің ашылу салтанаты 11 шілдеде, сағат 16:00-де өтеді.
Kazakhstan Open турнирі ел құрамасы үшін рейтингтік жарыс болып саналады. Оның нәтижесі бойынша жастар құрамасы жасақталып, 2025 жылы қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!