Алайда бұл сынға Өзбекстан құрамасы қатыспайтыны белгілі болды. Бұл күндері бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов шәкірттері елордада Әлем кубогына дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бас бапкердің сөзіне қарағанда, көрші елдің былғары қолғап шеберлері о бастан өтінім берген.
– Бастапқыда Өзбекстан құрамасы турнирге қатысуға өтінім берген еді, бірақ бір-екі аптадан кейін қатысудан бас тартты. Оның себебін білмейміз. Бәлкім тактикалық тұрғыда қабылданған шешім шығар. Дегенмен бұл дегеніміз жарыста бәсекелестік төмен болады деген сөз емес. Себебі бұл турнирге бірнеше әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегерлері, Азия чемпиондары қатысады. Бұл турнир жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін, – деді ұлттық құраманың бас бапкері.
Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы жарияланған болатын:
- 50 келі – Санжар Тәшкенбай;
- 55 келі – Махмұд Сабырхан;
- 60 келі – Серік Теміржанов;
- 65 келі – Ертуған Зейнуллинов;
- 70 келі – Абылайхан Жүсіпов;
- 75 келі – Сабыржан Аққалықов;
- 80 келі – Нұрбек Оралбай;
- 85 келі – Бекзад Нұрдәулетов;
- 90 келі – Сағындық Тоғамбай;
- 90+ келі – Айбек Оралбай.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!