фото: aikyn.kz

Сербияның Врнячка-Баня қаласында мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа қатысқан астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Aikyn.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 – Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанды! Турнир бүгін аяқталады, бірақ жас шахматшы өз жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, – делінген хабарламада.

Оның басты қарсыласы – үндістандық Ом Еш Готтумукалуды бесінші турда жеңуі шешуші рөл атқарды. Сегіз турдан кейін Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.

Бүгінгі күнгі жарыстың басқа 10 жас санатында да шешуші ойындар өтуде. Жеті санатта қазақстандық шахматшылар алтын медальға үміткер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!