фото: baq.kz

Елордалық «Жеңіс» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тәжірибелі қазақстандық маман Әли Әлиев тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kzсайты.

Клуб бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жария етті. Басшылық Әлиевтің бай тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі команданың ойынын жақсартып, алдағы маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне сенім білдіріп отыр.

Мансап жолы

Әли Әлиев 1980 жылы дүниеге келген. Футболшылық мансабын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» клубында бастап, кейін «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы» сынды қазақстандық клубтарда, сондай-ақ Түркияның бірнеше командаларында «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор», «Диярбакырспор» сапында өнер көрсетті.

2015-2018 жылдары «Қызылжар» құрамында ойнап, кейін осы клубтың бас бапкері ретінде қызмет атқарды. 2019 жылы Әлиевтің жетекшілігімен петропавлдық клуб Бірінші лигада чемпион атанды. 2021 жылы «Шахтер» (Қарағанды) клубын басқарып, үш айдан кейін қызметінен кеткен болатын.

2022 жылы ол «Жеңіс» клубын баптаған еді. Ал 2025 жылы ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеп, бес турдан кейін қызметінен босатылды.

Бұрынғы бапкердің нәтижелері

Бұған дейін «Жеңісті» жаттықтырған Андрей Демченко грек маманы Акис Вавалистің орнына келген еді. Оның басшылығымен команда 17 матчта 8 жеңіс, 6 тең ойын және небәрі 1 жеңіліспен 36 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтаған.

Клуб басшылығы жаңа маусым алдындағы мақсаттарға орай бапкерлік құрамда өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!