Фото: ҰОК
KAZINFORM — Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.
Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.
Финалда Асан төрешілердің шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.
Оның командаласы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!