Фото: Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.
Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2026 жылғы Australian Open жекелей сындағы чемпионға берілетін жүлде – 4 млн 150 мың аустралия доллары, яғни салық ұсталғанға дейін 1 млрд 472 млн теңге.
Ал финалға дейін жетіп, бірақ жеңіске жете алмаған ойыншы бұдан екі есе аз алады: 2 млн 150 мың аустралия доллары, немесе 763 млн теңге.
Еске салайық, 2025 жылғы қарашада өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 5 млн 235 мың доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!