Фото: ҚТФ

Әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Америкалық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бетпе-бет келді.

Белоруссиялық спортшы осыған дейін екі жыл қатарынан үздік шыққан еді. 

Бұл жолы М.Кис тосқауыл қойып, 6:3, 2:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, 29 жастағы Мэдисон Киз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде чемпион болды. 

М.Киз осы жарыста төртінші айналымда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны 6:3, 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Осы табысы арқасында америкалық спортшы WTA Live рейтингісінде 7-орынға, ал Е.Рыбакина 7-ден 5-сатыға көтеріліп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!