Аудан әкімі С. Сермағамбетов Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек-рим күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен қос бірдей аралдық жас спортшылар Алпамыс Болатұлы мен Әмірмұхаммед Ұланұлын қабылдады.

Чемпиондармен кездесу барысында аудан басшысы ауданның спорт саласындағы жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын, бұл жетістіктің күшті рух пен үздіксіз шынығу және үлкен еңбектің арқасында келгенін айтып өтті.

«Сіздерді жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Алпауыт мемлекеттердің спортшылары бақ сынасқан боз кілем бәсекесінде аралдық балуандардың топ жаруы біз үшін күтпеген жаңалық болды. Кез келген спортшыға бұйыра бермейтін Сіздердің айқын жеңістеріңіз барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде ауданымыз үшін зор мақтаныш. Ата-аналарыңыздың көз қуанышы болып, осындай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер. Осы орайда, спортшылардың айтулы жарыста алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінуіне, оларды бала күнінен спортқа баулыған жаттықтырушыларының еңбегі өлшеусіз» – деп, ізгі лебізін жеткізді аудан әкімі.

Кездесуде еліміздің абыройын асқақтатқан жас чемпиондар мен спорт жаттықтырушысына аудан әкімінің құттықтауы мен арнайы сый-сияпаттары табысталды.

Өз кезегінде жас балуандар мен жаттықтырушысы Төлебаев Бахтияр көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!