Елорда төрінде өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Сыр спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақстан жастар құрамасының өкілі, екі дүркін Әлем чемпионы, 19 жастағы қызылордалық Ерасыл Сәулебеков 88 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Батыр спортшымыз жұлқа көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде – 191 кг көтеріп, қоссайыс нәтижесінде 344 кг жинақтап, жарыста топ жарды. Бұл – оның тынымсыз еңбегі мен табандылығын айқын көрсеткен, ел мерейін өсірген сайыс болды.
Ал байрақты бәсекеде сырбойылық ару Аянат Жұмағали 77 кг салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Жерлесіміз жұлқи көтеру сайысында 95 кг көтеріп, үшінші орын алса, серпе көтеруде 122 кг салмақты еңсеріп, күміс медаль жеңіп алды. Ал қоссайыстың жалпы қорытындысы бойынша 217 кг жинақтап, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ерік-жігер мен күш сыналатын спортта үздік екенін дәлелдеген Сыр спортшылары алдағы уақытта да ел абыройын арттыра береді деген сенімдеміз.
«АЖ» ақпарат
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!