Бахрейннің Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс медаль иеленді. 96 келі салмақта Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпион атанды. 102 келі салмақта Артем Антропов «алтын» алды. 81 келі салмақта Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанды.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы үздік үштік:

1.Солтүстік Корея: 9 алтын, 5 күміс, 2 қола,

2.Қытай – 4 алтын: 2 күміс, 3 қола,

3.Қазақстан: 2 алтын, 1 күміс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!