Фото: ҰОК

KAZINFORM – Садақ атудан Қазақстан командасы Сувондағы (Оңтүстік Корея) Азия Кубогінде екі қола медальға қол жеткізді.

Olympic.kz. мәліметінше, екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түскен.

Атап айтсақ, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атуда қола еншіледі.

Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үздік үштікті түйіндеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!