Облыс спортында жаңалық көп. Спорт нысандарының бой көтеруі, салаға лайықты көңіл бөлінуі облыстағы спорт әлеуетінен хабар берері анық. Сондай-ақ биыл футболдан “Қайсар” командасы чемпионатта жергілікті ойыншыларға ғана сенім артады. Жаңа маусымға дайындық қалай? Қызылордада олимпиадалық спорт түрлеріне қаншалықты назар аударылып жатыр? Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев мәлімдеді.

Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлеріне қаншалықты назар аударылып жатыр деген сұрақтар туындайды. Біз олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беруіміз керек. Қай жерде бокс жақсы дамыған, қай жерде ауыр атлетика мықты. Біз өзіміздің өрендерді сол жаққа жаттығу өткізуіне жағдай жасауымыз керек. Сол жақтағы мықтылармен тәжірибе алмасу керек. Бәсекелестік бар жерде нәтиже болады. Биыл футболдан “Қайсар” командасы жергілік ойыншылармен ойнайтын болады. Чемпионат басталуына да аз уақыт қалды. Бірден жеңіске жетеміз деп те айта алмаймыз. Себебі команданың ішінде дебютанттар көп.Алғашқы турларда есе жіберуіміз мүмкін. Бірақ көш жүре түзеледі. Неге сенім артып көрмеске? Сонда ғана футболшыларымыз намысты қолдан бермей нәтиже көрсетеді деп ойлаймын, – деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!