«Қайрат» пен «Ордабасы» кездесуі. Фото: Қазақстан футбол лигасы
Алматылық «Қайрат» чемпиондық бәйгені жалғастырады. Есеп 2:1, соңғы голды «Қайраттың» ойыншысы Олжас Байбек соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол лигасының ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қайрат» пен «Ордабасы» клубының кездесі 2:1 есебімен аяқталды.
1:0 – Элдер Сантана 42’: 1:1 – Еркебұлан Тұңғышбаев 75’ 2:1 – Олжас Байбек 84’
Орталық стадиондағы тартысты кездесу алматылық «Қайраттың» пайдасына аяқталды. Осылайша «Қайрат» 44 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастады.
Ал шымкенттіктер бұл жеңілістен кейін чемпиондық атағын қорғай алмай қалды. Кирилл Кекер шәкірттері 39 ұпаймен 3-ші орынға жайғасты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!