Қызылорда қаласының әкімдігі «Балалар жылына» орай дарияның сол жағалауындағы балаларға арнап ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырды.
Атап айтар болсақ, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру, бесасық, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, асық ату секілді спорт түрлерінен жарысқан оқушылар өзара мықтыларын анықтады. Әрбір сайыстың жеңімпаздарына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары мен медальдары табысталды.
Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов мұндай жарыстар қаланың барлық аумағында өткізілетіндігін айтып, жеңімпаздарға құттықтау лебізін жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!