Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйренуге уақыт тапшылығы кедергі келтіріп жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Sports.kz порталына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Білесіз бе, бәрі орыс тілінде сөйлейді, ағылшын тілі де бар… Үлгермеймін. Онда маған қытай тілін де үйрену керек болар еді. Сондықтан орыс және ағылшын тілдері жеткілікті деп ойлаймын. Бірақ бәрі бәрін түсінеді»,–деді ол.
Еске салайық, 7 қазанда Континенталдық хоккей лигасының аясында «Барыс» қонақта «Ак Барспен» кездесіп, ұтылып қалған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!