Фото: «Барыс» хоккей клубы

KAZINFORM – Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойын күнінде астаналық «Барыс» командасы өз айдынында хабаровскілік «Амурмен» кездесті.

Елордада өткен ойында қазақстандық клуб 1:4 есебімен қарсыласына есе жіберді. 

«Барыс» сапынан жалғыз голды екінші кезеңде Панюков соқты. Ал «Амур» құрамында Шварев, Филатьев, Ураков және Гиздатуллин мергендік танытты.

Айта кетейік, бұл – елордалық команданың қатарынан төртінші жеңілісі. Төрт кездесуді де астаналықтар өз айдынында өткізді. 

Қазіргі таңда «Барыс» 34 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 9-орында тұр.

Михаил Кравец жаттықтыратын қазақстандық ұжым келесі ойынын 30 желтоқсанда «Авангардқа» қарсы өткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!