Фото: Sports.kz
«Барыс» хоккей командасының құрамына Максвелл Уиллмен қосылды, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Хоккейші 2026 жылдың 31 мамырына дейін елордалық клуб сапында өнер көрсетеді.
Шабуылшы cпорттық кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Оның статистикасына Ұлттық хоккей лигасында Филадельфия мен Нью-Джерсиде ойнаған 68 ойын кіреді.
Виллманның Қазақстанға көшкенге дейінгі соңғы командасы «Утика» болды.
Өткен маусымда Comets құрамында Макс AHL тұрақты маусымының 69 ойынында 30 (10+20) ұпай жинады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!