фото: ХК «Барыс»
Астаналық «Барыс» 2025 жылдың соңғы ойынында нағыз сенсация жасап, сырт алаңда омбылық Авангард клубын жеңді. Кездесу Құрлықтық хоккей лигасы аясында өтті, деп хабарлайды 1bol.kz.
Матч басталар алдында «Барыс» Шығыс конференциясында оныншы орында тұрса, «Авангард» екінші сатыға жайғасып, айқын фаворит ретінде бағаланған еді. Соған қарамастан, қазақстандық команда ойын тағдырын өз пайдасына шеше алды.
Алғашқы кезеңде Всеволод Логвиннің дәл соққысы қонақтарды алға шығарды. Екінші кезеңде Әлихан Әсетов есеп айырмасын ұлғайтты. Алаң иелері бір шайбамен жауап қатқанымен, Кирилл Панюков «Барыстың» басымдығын қайта нығайтты.
Қорытынды кезеңде астаналықтар жинақы әрі сенімді ойын көрсетіп, фаворит саналатын қарсыласын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша «Барыс» жылды жарқын жеңіспен түйіндеді.
Келесі матчта астаналық клуб 6 қаңтар күні сырт алаңда нижегородтық Торпедо командасымен кездеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!