Карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулыда фитнес, спорт кешендері қызметін көрсету бойынша объектілердің қызметіне қойылатын талаптар айқылдалды.

 Қаулы мәтініне сәйкес, спорттық жаттығуларды өткізу кезіндегіні қоспағанда келушілердің киім ауыстыратын орнында да дейін міндетті түрде маска кию керек. Сонымен қатар жаттығу залында алдын ала жазу арқылы бір адамға 5 ш. м. есебінен жаттықтырушылардың санын шектей отырып, топтық сабақтар өткізуге жол беріледі. Тренажер залдарында кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру және оған қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Тренажерлерды дезинфекциялау әр сағат сайын жүргізіледі. Киім ауыстыратын орындардағы келушілерге арналған жеке шкафтарды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жалпы санының 50%-нан асырмай пайдалануды, персоналдың келушілерді бөлуін үйлестіруді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!