Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Қытайда Олимпиада қарсаңындағы жаттығуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, могулшылар тауда орналасқан Чжанцзякоу қалашағында жаттығуға кірісіп кетті. Бұл олимпиадалық картадағы ең қашық кластер болып саналады. Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан сапынан алғаш болып жарысты могулшылар бастайтыны туралы осыған дейін жазған болатынбыз Чжанцзякоу кластерінде фристайл, шаңғымен тұғырдан секіру, биатлон, шаңғы, шаңғы қоссайысынан командалар орналасқан.
Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі: 3 ақпан: Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу Могул, ерлер, бірінші іріктеу 5 ақпан: Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал 6 ақпан: Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал. Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.
Бүгінде олар олимпиадалық қалашықтарға орналасты. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!