Латвиялық мәнерлеп сырға­нау­шы Денис Васильев 2022 жыл­ғы Олим­пиададағы қысқа бағдар­ла­мада Абай Құнанбай­ұылы­ның «Айт­тым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетті.

Васильев бұл сында 85,30 балл жинап, аралық жетінші орын иеленді. Қаңтар айында Васильев Еуропа чемпионатында қола жүлде жеңіп алған. Бұл – оның карьерасындағы ең биік көрсеткіш және Латвия­ның мәнерлеп сырғанау тари­хын­да бұрын болмаған жетіс­тік. Васильев үшін Бейжің ойын­­дары карьерасындағы екін­ші Олимпиада. 2018 жылы Пхенч­ханда ол 19-орын алған.

Айта кетейік, Васильевтің бап­кері Стефан Ламбьель мар­құм болған қазақстандық спорт­шы Денис Теннің досы еді. Абайдың әні сол үшін таңдалса керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!