Қазақстандық паралимпиадашы­лар қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа кіріс­ті. Бұл туралы Қа­зақстан Паралим­пиа­да комитеті мә­лімдеп, параспорт­шылардың Қы­тайдағы жаттығуы барысындағы фотосуреттер­мен бөлісті.

Қазақстан сапынан қысқы Паралимпиада ойындарына екі спорт түрінен бес спортшы қатысады. Мұнда отан­дық атлеттер пара шаңғы мен парабиатлон бо­йынша бақ сынайды.

Ел құрама сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар келесідей: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Бере­зин мен Денис Петренко.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!