Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.
3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.
Айта кетейік, жерлестеріміз үшін бұл – спорттық мансабындағы алғашқы жүлде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!