Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Қазақпарат

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді. Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!