25 наурызда Алматыда MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдасты­руы­мен кезекті бокс кеші өтеді.

Айтулы бәсекенің негізгі жекпе-жегінде қазақ­стан­дық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) өнер көрсетеді. Сейітжановтың қарсыласы жеңіліп көр­ме­ген мексикалық Хосе Масиас Энрикес (15-0, 7 КО) болмақ. Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы жастар арасындағы WBO чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Бокс кешінде жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен оңтүстікафрикалық Джонни Мюллер де (23-2, 14 КО) шаршы алаңға шықпақ. Олар қазақстандық боксшыға тиесілі бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуіне таласады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!