Биыл Сыр спортында жағымды жаңалық көп. Олай дейтін себебіміз, 3 мыңға жуық Сыр спортшы 342 халықаралық және республикалық жарысқа қатысып, ел намысын қорғады. Нәтижесінде, қызылордалық спортшылар Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 43 алтын, 30 күміс, 29 қолаға қол жеткізсе, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 747 медаль, оның ішінде 252 алтын, 222 күміс, 273 қола медаль жеңіп алды.
Биыл 3 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 29 – ҚР спорт шебері, 814 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді. Бұдан бөлек, осы жылы жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 690 спортшы енді.
Бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге брифинг өткізіп, 10 айдағы көрсеткіштерге тоқталды.
-Бүгінде аймақ басшысының тікелей бастамасымен қала және аудандарда заманауи үлгіде жабдықталған бірнеше спорт кешендері салынып, спортсүйер қауымның игілігіне табысталды. Атап айтқанда, 2023 жылы 13 спорт кешенінің құрылысы жүргізілсе, оның 9-ы қолданысқа берілді. Ал осы жылға өтпелі 4 нысанның құрылысы 95 пайызға аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биыл аудандарда жалпы құны – 4,7 млрд. теңгені құрайтын 10 спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауында құны – 20,9 млрд. теңгені құрайтын 11 мың орындық стадионның іргетасы қаланды. Спорт саласындағы тағы бір жаңалық, жақында ғана жалпы құны – 3,4 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі «Үстел теннисі» орталығының құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының «ALAN» бағдарламасы арқылы жақында қаламыздағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа алаң спортсүйер қауымның игілігіне табысталды. Жоба құны – 188 млн. 347 мың теңгені құрайды. Демеушілік көздерден шілде айында Жалағаш және Шиелі аудандарында 2 шағын спорт кешенінің құрылысы басталды, – деді Жұлдызхан Байназарұлы.
Қазіргі таңда өңірде 328 597 адам немесе халықтың 39 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 40 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері облыста бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында 985 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 127 мың адам қатысты.
Жалпы 10 айдың қорытындысы бойынша 16 – ҚР чемпионаты, 4 – халықаралық турнир, 31 – республикалық турнир, 108 – облыстық деңгейдегі біріншілік пен жарыстар ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!