Қазақ күресінен әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрым Сәлімгереев бүгін дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасады.
Белгілі спортшы бұл маңызды саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы елдің ертеңі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің дамуы мен тұрақты болашағы үшін әрбір қазақстандық белсенділік танытып, азаматтық міндетін орындауы қажет.
Нұрым Сәлімгереев өз кезегінде барша тұрғындарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, ел тағдырына бейжай қарамауға шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!