Қарағандының «Шахтёр» футбол клубы ресми түрде Freedom Holding Corp компаниясының меншігіне өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Холдингтің басшысы – қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов.
Жаңа иесінің бастамасымен Қарағанды облысында футбол экожүйесін дамытуға бағытталған ірі жоба іске қосылды. Жобаға жалпы 18,5 млрд теңге бөлінетін болады. ФК мәліметінше, оның 12 млрд теңгесі жаңа футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңгесі өңірдегі бұқаралық және жастар футболын дамытуға жұмсалады.
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының (ҚОФА) президенті Тимур Турловтың қолдауымен жүзеге асырылатын бастамалар қатарында «АЛҒА!» мектеп жобасы, Freedom BFL ресми жастар лигасы, жаңа «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы сынды бірқатар жобалар бар екені айтылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!