Фото: seriechampionsdefrance.com

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бес дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер Қазақстан халқына ризашылығын білдірді. 

Танымал спортшы Париждегі Олимпиада қарсаңында елімізге екі рет келіп, 2023-2024 жылдары Алматыдағы дзюдо академиясында Қазақстан құрамасымен бірге жаттығу өткізген болатын.

Өз кезегінде дзюдо әлемінің аңызы Қазақстандағы кезін сағынышпен еске алып, отандастарымызға алғысын жеткізді.  

«Қазақстандықтарға жалынды сәлем. Федерация өкілдерінің шақыртуымен мен бұл елге екі рет бардым, жаттықтым. Әр жаттығу өзінше ерекше болды. Сөз соңында Қазақстан халқына алғысымды айтқым келеді», – деді Риннер. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!