Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Софья Берульцева жапониялық Сугита Сумирені сан соқтырып, бас жүлдені жұлып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Софья Берульцева Азия чемпионатының финалына осымен бесінші мәрте шықты. Бұған дейінгі шешуші төрт кездесудің тек біреуінде ғана ол жеңіске жеткен еді.
Айта кетсек, шымкенттік Софья – Токио Олимпиадасында қола жүлдегері, сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!