Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы 2030 жылға дейінгі футболды дамыту жоспарын жариялады.

Федерацияның техникалық директоры Геннадий Скуртул ұлттық футболды дамытуға бағытталған 2025-2030 жылдарға арналған кешенді стратегиялық бағдарламалардың ресми таныстырылымын өткізді.

«Бұқаралық футбол стратегиясында 2030 жылға дейін футболмен шұғылданатын азаматтар санын 1,5 миллион адамға дейін арттыру міндеті қойылды. Оқушылар мен студентер арасындағы футболды кеңейту, инклюзивті футболды дамыту, өңірлік әуесқой лигаларды біріктіру және балалар-жасөспірімдер жарыстарының бірыңғай стандарттарын қалыптастыру негізгі бағыт ретінде белгіленді», – деп жазылған хабарламада.

ҚФФ таныстырған маңызды жобалардың бірі – KFF Digital Football Hub цифрлық платформасы.

Бұл жүйе футболшылар мен жаттықтырушылардың жеке цифрлық идентификациясын, клубтар мен академиялардың бірыңғай реестрін, матч хаттамаларының толық статистикалық базасын, балалар мен жасөспірімдер футболына арналған автоматтандырылған тіркеу жүйесін, сондай-ақ мобильді қосымша мен аналитикалық құралдарды қамтиды.

Платформаны кезең-кезеңімен енгізу 2025 жылдан басталып, 2030 жылы толық аяқталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!