Поклюкада (Словения) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс бағдарламасындағы соңғы сайыс аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасының намысын Арина Крюкова, Айша Рақышева, Владислав Киреев және Кирилл Бауэр қорғады.

Біздің биатлоншылар жарысты 22-орынмен аяқтады. Алтын медальді Швеция құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды Франция иеленсе, үшінші болып Норвегия құрамасы мәре сызығын кесті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!