Сәкен Бибосынов ел чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Финалда Сәкен Бибосынов Нұрсұлтан Алтынбекпен жұдырықтасты.
Екі боксшы да шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды. Бірінші раундта қызылордалық Нұрсұлтан 3:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта Сәкен 5:0 есебімен алда болды.
Үш раунд қорытындысы бойынша Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!