Фото: Қазақстан ҰОК
KAZINFORM – Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін 2026 жылғы жарыстар кестесі белгілі болды.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Биылғы жылғы басты доданың бірі – Азия ойындары. Жапонияда 19 қыркүйек-4 қазан аралығында өтетін құрлықтық бәсекеде еліміздің былғары қолғап шеберлері де сынға түседі. Сондай-ақ Моңғолияда 28 наурыз-11 сәуір аралығында ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты жалауын көтереді. Ал желтоқсан айында Сауд Арабиясында жабық ғимараттағы Азия ойындары болады.
Әлем кубогының кезеңдері сәуір, маусым айларында Бразилия мен Қытайда өтсе, финал қараша, желтоқсанда Өзбекстанда болады деп жоспарланған.
Сенегал станасы Дакар қаласында 31 қазан-13 қараша аралығында жастар арасындағы Олимпиада ойындары, 3-16 шілдеде Индонезияда 19 және 23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты өткізіледі.
Шілде мен тамыз айларында 19 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты болса, 1-16 тамыр аралығында 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер Өзбекстанда бас қосады.
Қазақстандық 19 жасқа дейінгі боксшылар 8-15 наурызда Таиландта әлем кубогында жүлдені сарапқа салады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!