Фото: sovsport.ru

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның видеосы федерацияның инста парақшасында жарияланды.

«Мемлекет және Қазақстан бокс федерациясының басшылығы сенім білдіргендеріңізге көп рахмет. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін. Бүгінде Қазақстан боксында бірқатар мәселе бар. Ол мәселелерді өзіміз Париж Олимпиадасында көрдік. Ең алдымен жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған және командалармен біріккен оқу-жаттығу жиындары өтпеген. Алға қойған жоспарларымыз өте көп. Олар: жасөспірімдер, жастар және ұлттық құраманың бәріне бірдей көңіл бөлу, Қазақстанда болатын жарыстарды, іріктеу турнирлерін әділ өткізу, жаттығу жиындарының бәрін бір жүйеге келтіру. Команда жұмысын жақсарту үшін шетелден мамандар, атап айтқанда, жалпы дене дайындығының маманы, ғылыми топ және бапкер-консультант шақыру ойымызда бар. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу – елге қызмет ету. Ел сенімін ақтауға барымды саламын», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!