Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Айбек Оралбай бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.

Жартылай финалда Айбек Оралбай түрікменстандық боксшы Дәулет Исламовпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта боксшылар қарсыластың қорғанысын бұзудың амалын қарастырды. Оралбай қарсыласына жойқын соққылар сериясын жасап, басына дәл тигізуге тырысты. Бір сәтте отандасымыз ыңғайлы сәтті пайдаланып, соққысын жиілетті. Осылайша қазақстандық бірінші раундты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті.

Екінші кезеңде Айбек Оралбай қарқынды одан әрі үдетіп, қарсыласынан басым түсті. Төрешілер бұл жолы да дәл сондай есеппен оны мықты деп таныды.

Үшінші раундта түрікмен боксшысы жақын қашықтыққа шығып, соққы жасауға тырысты. Қазақстандық боксшы бірнеше соққы өткізіп алғанымен, қарқынын бәсеңдетпей, шабуылын жалғастырды. Төрешілер үшінші раундта да жеңісті отандасымызға берді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, ширек финалда Айбек Оралбай өзбекстандық боксшы Арман Махановты да жеңген болатын. Жекпе-жек толық уақытқа созылып, қазақстандықтың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсіріп, Азия чемпионатының финалына шыққан 2026 жылы.

Ал Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай моңғол боксшысы Бариахаан Доржды ойсырата жеңіп, АЧ-2026 финалына жолдама алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!