Фото: sabyrkhantorekhan парақшасынан
Танымал боксшы Сабырхан Төрехан рингке Атырау облысының атынан шығады, деп жазады KAZINFORM.
Боксшының әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына қарағанда, Атырау облыстық бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримов осындай мүмкіндік жасаған.
– Бір маңызды жаңалықпен бөлісейін деп едім. Мен бұдан былай Атырау облысының намысын қорғаймын. Маған мұндай мүмкіндік берген Атырау облысы бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримовке алғыс айтқым келеді. Осыған дейін мен Түркістан облысының намысын қорғап, қол жеткізген жеңістерімді осы өңірдің боксшысы ретінде тіркедім. Ол үшін киелі Түркістан облысы федерация өкілдеріне рақмет айтамын, – деп жазды Төрехан Сабырхан.
Боксшының пікірінше, енді елдегі сайыстарға Атырау облысының атынан шығады. Ал халықаралық бәсекелерде елдің, қазақтың намысын қорғайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!