фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) алғашқы кезеңде Джунмилардо Огаиремен (Филиппин) қолғап түйістірді.
Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
Еске салайық, бұған дейін боксшы Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастағанын жаздық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!