Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында ерлер және әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZINFORM.
Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Саравут Суктхетпен бетпе-бет келді.
Бірінші раундта М.Сабырханның соққыларынан кейін таилық боксшының қасы жарылып кетті. Шаршы алаң иесінің жұдырығы да тиіп жатты. Соны ескерді ме, қапталдағы бес төрешінің үшеуі Махмұд басым деп тапты.
Екінші кезеңнің соңына қарай рингтегі рефери С.Суктхетке нокдаун тіркеді. Есеп 5:0 болып, Махмұд айқын басымдық танытты.
Қорытынды есеп – 5:0. Енді қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Гүлсая Ержанның өзбекстандық қарсыласын жеңіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Азия чемпионатында 10 қазақстандық боксшы финал жолдамасын сарапқа салады.
Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!